Тәуелсіздік!


Билегенде тарихымның тақтасын,

Сезгендеймін сана дамыл таппасын.


Бүгін міне бұзғалы тұр дегбір ой,

Жүректегі шабытымның қақпасын.

Егемен ел!


Еркіндікке қолы жетті қазақтың

Арайланып аспанымда азат күн.


Ерің де әзір Отан үшін от кешер,

Жерің қазір жәннатыңдай ғажап тым

Ұлы дала!


Көш кейіндеп қалмас сенен мәңгілік,

Төскейіңде сан салтанат сән құрып.


Бұл шақта мен құшағыма сыя алсаң

Құшақтар ем құшырымды қандырып.

Байтақ өлке!


Байрағымды қия-шыңға қадаған,

Жайларыңды жыр етуге жарағам.


Айбарымда ата-баба мұра еткен,

Сан жолыңа осы өлеңім садағаң.

Елдігім де!


Қазақ үшін егемендік құнды дем,


Сол саясат қоғамның да сұмдығы ең.

Алғадай жыр арнап тұрмын төріңде,


Тәуелсіздік құрбандары сынды мен.

Жерім менің!


Дүниеге даңқы да аян алдаспан,

Ұрпағыңа мұра болып жалғасқан.


Ата заңын алтын әріп таңбалап,

Жер ананың кіндігіне жармасқан.

Бексұлтан САНАҚҰЛ,

жас ақын

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!