Алтайда өткен халықаралық ақындар айтысында жерлесіміз, «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов топ жарды.
Айтыс ақтаңгері – Қызылорда қаласының құрметті азаматы.

2009 жылдан бастап «Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

2014-2016 жылдары А.Тоқмағанбетов мәдениет үйінің үйірме жетекшісі;

2016-2019 жылдары «Асыл арна» телеарнасында «Сүбелі сөз» бағдарламасының жүргізуші редакторы, Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығында жауапты қызметтерін абыроймен атқарып келді.

2020 жылы Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы міндетін атқарған.

Қазір «Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығына» басшылық етеді.

«АЖ» ақпарат