Kyzylorda-news.kz. Ауданға жеткізілген 400 доза вакцина сырдариялықтарға бүгін толық салынып бітті.

Атап айтқанда, кеше 265 тұрғын екпе салдырса, бүгін 135 адам вакцина қабылдады. Екпе салдырғандардың арасында білім, медицина, өрт сөндіру, полиция қызметкерлері бар. Сондай-ақ бүгін Іңкәрдария, Бесарық, Қоғалыкөл ауылынан да тұрғындар келіп, ерікті түрде екпе салдырды.

Енді «Спутник V» вакцинасының І компонентін қабылдаған сырдариялықтарға 21 күннен кейін ІІ компоненті салынатын болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!