Қазақстандағы 2021 жылғы 6-8 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Ел аумағында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. 

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райын тудырады. Жауын-шашын болады, оңтүстік-шығыста қатты найзағай соғып, жел күшейіп, бұршақ жауады. Батыс антициклонның Қазақстан аумағына енуімен ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Елдің солтүстік жартысында 3 градусқа дейін аяз болады, күндіз ауа температурасы 15-20 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, күндізгі температураның 20-25 градусқа дейін жетеді», – дейді синоптиктер. 

Stan.kz 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!