Kyzylorda-news.kz. Қазақстандағы мұғалімдердің 99 пайызының еңбекақысы өсіп, көңілі қанағаттанды. Арасында 500 мың теңге алатындар бар. Бұл жайлы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Министрдің айтуынша, мұғалімнің мәртебесін көтеруге бағытталған іс-шаралар мен жұмыстарды толық іске асырылды деп айту қиын. Өйткені мұндай шаруаны қолға алғанына 2 жыл ғана уақыт болған.

«Жоспарды түгелдей орындау үшін әлі біраз уақыт керек. Бірақ екі жылдың өзінде күрделі өзгерістер жасадық. Әсіресе, еңбекақы өсіру мәселесі біршама шешім тапты. Мұғалімдердің атаулы еңбекақысының өзі 50% өсті, тағы қосымша төлемдер қосылды. Магистрлікті бітіріп келген түлектердің еңбекақысына 29 мың теңге қосылады. Сынып жетекшісі, дәптер тексергені үшін берілетін қосымша төлем екі есе өсті. Жоғары категориялы мұғалімдердің еңбекақысы да 50% өсті. Арамызда 500 мың теңге еңбекақы алатындары бар. Бәрі жүктемеге байланысты. Бірі аптасына 18 сағат сабақ берсе, енді бірі – одан сағаты көптер. Еңбекақы әлі де өседі. Келесі жылы тағы 25% көтерілмек», – деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетерлігі, педагог мамандығында оқитын студенттер 42 мың теңге шәкіртақы алады. Ал басқа студенттердің шәкіртақысы – 26 мың теңге.

Qadam.Asia