Алғыс айту мерекесі аясында Қызылорда облыстық неміс этномәдени бірлестігінің белсендісі Виктория Шектің бастамасымен Сабалақ саяжайында тұратын тұрмысы төмен 7 отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілді.

Қайырымдылық шараға «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков, неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ирина Шек, «Бақытты отбасы» отбасын қолдау институтының қоғамдық қызметкері Гүлбахар Қорғанова және «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Гүләйім Мәлік қатысты.

Көмек көрсетілген отбасы мүшелері ізгі әрі мейірімге толы қиналғанда демеген жандарға ризашылықтарын білдірді.

Kyzylorda-news.kz.