Kyzylorda-news.kz. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 6 мамырдағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бақалау матрицасын жариялады.

«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр.

«Сары аймақта» Шымкент қаласы мен Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр.

«Жасыл аймақта» Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.

Айта кетейік, Шымкент қаласы мен Қызылорда облысы өз позицияларын жақсартып, «қызыл аймақтан» «сары аймаққа» ауысты. Ал Маңғыстау облысы керісінше, «жасыл аймақтан» «сары аймаққа» төмендеді.