Фото: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңірде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың баспана мәселесін шешу үшін кешенді жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Петропавлдағы «Бірлік» жаңа шағын ауданында  Қазақстан халқына» қорының қаржысына салынған, зардап шеккендерге алғашқы 53 жаңа үйдің кілттері табыс етілді. «ЗИКСТО» зауыты жаңа қонысты тұрмыстық техника мен жиһазмен қамтамасыз етті.

Кілттерді тапсыру рәсіміне СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен «Қазақстан халқына» қоры төрағасының орынбасары Ләззат Чинкисбаева қатысты. «Қазақстан халқына» қоры, «Kazakhmys» корпорациясы және «Kaspi» АҚ қаржысына 700 үй салынады. Барлық үйлер құрылыс кестесіне сай тапсырылатын болады.  

Рәсімнен кейін өңір басшысы жаңа үйлерді аралап, Оразғали Алдекеев пен Юрий Тучиннің отбасыларын қоныс тойларымен құттықтады. 

Бүгінге дейін «Бірлік» шағын ауданында 300-ге жуық отбасы жаңа үй алуға өтініш білдірген. Мұнда барлығы 3 мыңға дейін адам тұратын болады. Бұл дамыған инфрақұрылымы бар нағыз «шағын қалашыққа»  айналмақ. Меценаттар қаржысына балабақшаның құрылысы басталып та кетті. «Жайлы мектептің» құрылысы жүріп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!