1 мамырдан бастап каналдар арқылы су беруге жаңа тарифтер бекітілді. Енді Сыр шаруалары 1 текше метр су үшін қосымша құн салығынсыз 66 тиын төлейді. Су бағасының өсуін мамандар еңбек ақының өсуіне, күрделі жөндеу жұмыстары мен инвестициялық бағдарламаның толықтай орындалуына ықпал етеді дейді.

– Су беру қызметінің орташа ағымдағы құны негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруге жұмсалатын шығындардың 1,2 пайызын құрайды. Пайдаланылған суға 50 пайыздық субсидия төленеді. Оның үстіне биылдан бастап күріштен басқа дақылдарға қолданылған тіршілік нәрі де субсидияланады. Сондықтан бағаның өсуі шаруашылықтарға қолайсыздық тудырмайды деп есептеймін. Біз алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, – деді «ҚАЗСУШАР» РМК Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров.