Kyzylorda-news.kz. Қырық жастағы блогер аштықтан қайтыс болды.

Абхазияда 40 жастағы ресейлік блогер Виталий Выграновский эксперимент үшін 40 күндік аштық жариялаймын деп көз жұмды.

Ер адам YouTube-те блог жүргізген көрінеді. Өзін сынап көруді жоспарлаған ол 40 күн бойы сусыз және тамақсыз өмір сүрмек болған.

Аштық жариялағанна кейін оныншы күні блогер өзін жаман сезініп, қалада өзін жағымсыз сезіне бастаған. Осылайша ол Абхазияға қоныс аударады. Жиырмасыншы күні Выграновский өзінің толық тазарғанын айтқан, десек те қатты арықтағандықтан блогердің физикалық белсенділікке күші қалмаған. 35-күні ер адам қатты әлсіресе де оразасын тоқтатпаған.

«Қалай, соңына дейін жете алдым ба? Бұл – мен үшін жай ойын. Өте қызықты. Ltytvltu3 gаразиттер жойылды, тамақтануға деген құштарлық жоқ. Денемнің әрбір жасушасы жаңарды», – деді Виталий Выграновский.

Блогердің достары оның аштықтан көз жұмғанын жазыпты. Оның өлімінің нақты себебі тексеруден кейін белгілі болады.

Stan.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!