Kyzylorda-news.kz. Әлемдегі ең ірі Facebook әлеуметтік желісі 13 жасқа дейінгі балаларға арналған Instagram нұсқасын жасап жатыр.

«Жаңа қосымша туралы компанияның ішінде хабарланды, бірақ ол әлі іске қосылмаған», – деді агенттік.

Қазіргі уақытта Instagram пайдаланушыларының кемінде 13 жаста болуды талап етіледі.

«Біз ата-аналары басқара алатын балаларға арналған жүйені Instagram-ға енгізуді жоспарлап отырмыз, осылайша, балалар достарымен байланыста болады, өздеріне жаңа хобби мен қызығушылық табады», – деді Facebook өкілі Джо Осборн.