Фото: trans.info/ru

KAZINFORM – Бельгия астанасында туристік автобус жол апатына түсті.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға Брюссельдегі Ван Праэт көпірінің жанында болған. 33 турист мінген автобус ағашқа соғылды.

22 адам жергілікті ауруханаларға жеткізілді, оның үшеуі ауыр жарақат алды.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!