Лондондағы Әзірбайжан елшілігін діни белсенділер басып алды. Бұл ақпаратты Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2022 жылдың 4 тамызында Әзербайжан Республикасының Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиядағы елшілігіне діни радикалды топтар шабуыл жасады. Елшіліктің ғимаратына шығып алған радикалдар діни туларын көтеріп шығып, діни ұрандармен айғайлаған», – деп хабарлайды Әзербайжан СІМ.

Іске жергілікті полиция араласқаннан кейін заңбұзушылар ұсталды. Елшілік қызметкерлері зардап шеккен жоқ.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Әзербайжан елшілігіне шабуылды шейіт экстремистік ұйымы саналатын «Мажди қызметшілер одағы» мойнына алған.

Фото, мәтін: sn.kz