Фото pixabay

АҚШ-та егіз қыз егіз жігітке үйленіп, «төрттік егіз» баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі TODAY.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Венесса мен Кериса Даприно өзге егіз жігіттермен кездесуді мүлде армандамаған. Алайда, фитнес жаттықтырушысы болып жұмыс істейтін Венессаға клиенттерінің бірі Вашингтондағы егіздермен кездесуді ұсынған. Көп ұзамай Лукас атты жігіт Венессаға қоңырау шалып, оны әпкесімен бірге қос кездесуге шақырған.

Венесса мен Керисса, Лукас пен Джейкоб атты егіз жігіттермен бірінші кештен-ақ жақсы тіл табыса бастады. Венесса Лукастың жанына қажет адам екенін ұғып, оған үйленгісі келетінін түсінеді. Екінші кездесуден кейін Джейкоб та Керисс туралы дәл осындай қорытындыға келген. Осылайша жұптардың бір-біріне сезімдері шынай болды. Дегенмен апалы-сіңлі үйлену тойын бірге жасағысы келмеген. Венесса мен Лукас 2022 жылдың қазан айында, ал Керисса мен Джейкоб 2023 жылдың маусымында үйленді.

Ерлі-зайыптылар Орегондағы көрші үйлерге қоныстанып, барлық уақыттарын бірге өткізеді. Екі жұптың да егіз қыздары бар. Олардың арасы 1 жас екі ай. Дегенмен жас айырмашылығы болса да егіз қыздар бір-бірінен айнымайды. Яғни төртем секілді. Бұған себеп олар гендердің бірдей жиынтығынан. Себебі, әкелері мен аналары бір жұмыртқадан туған бірдей егіздер. Биологтар мұндай балаларды «төрттік егіздер»деп атайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!