Индонезияның Ява аралында көпшілікті күлдірген ерекше оқиға болды. Хойрул Анам есімді жігіт дәстүрлі үйлену тойына ұқсас рәсім жасап, күріш пісіргішті “өмірлік серігі” ретінде таңдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол әлеуметтік желіге “қалыңдығымен” бірге той киімінде түскен суреттерін жариялаған. Жазбасында күріш пісіргішін “ұрыспайды, қарсы келмейді, күрішті тамаша пісіреді. Кез келген ер азамат армандайтын жар” деп әзілмен сипаттаған.

Алайда бұл “отбасылық өмір” ұзаққа созылмады. Төрт күннен кейін жігіт “жарымен” ажырасқанын хабарлаған. Айтуынша, ажырасуға басты себеп – күріш пісіргіштің тек күріш әзірлей алатыны.

Хойрул Анам
Фото: Fun.lux.fm

Кейін бұл оқиғаның шындығы белгілі болды. Индонезиялық жігіт контент-мейкер екен. Ол мұның бәрін әлеуметтік желідегі қаралым мен оқырман санын арттыру үшін ойлап тапқан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!