Фото: cursorinfo

Иранда аспаннан балық жауды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы cursorinfo-ға сілтеп.

Басылымның мәліметінше, «Балық жаңбырының» алдында Иранның Ясудж қаласының үстіне аздаған жаңбыр жауған. Артынша балық жауған.

Мамандардың пікірінше, су қоймасында үлкен торнадо болып, салдарынан балықтар ауаға көтерілген.

Мұндай жаңбыр зерттеушілердің назарын аударып, жұртшылықтың қызығушылығын тудыратын таңғажайып метеорологиялық құбылыс ретінде саналған. Бұл сирек құбылыс әдетте ұшпайтын жануарлардың ауа массасына түсіп, жел оларды ұстамай қалғанда жерге құлайтын жағдай ретінде сипатталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!