Фото: Instagram/ villedesuresnes

Француз наубайшылары әлемдегі ең ұзын багетті пісірді. Оның ұзындығы 140 метрден асты, деп хабарлайды CNN.

Ең ұзын багет жексенбі күні Париж маңында орналасқан Сюрен коммунасындағы Suresnes Baguette Show кезінде пісірілді.

Багеттің ұзындығы 140,53 метрді құрады, бұл Гиннестің рекордтар кітабына сәйкес итальян наубайшылары бес жылға жуық уақыт бойы ұстаған бұрынғы 132,62 метр рекордынан асып түсті.

18 наубайшыдан тұратын команда қамырды дайындауды жергілікті уақыт бойынша таңғы 3-те бастады, ал пісіру процесін таңғы сағат 5-тен бастап бақылады.

Пісіргеннен кейін багеттің бір бөлігі кесіліп, оған Нутелла жағылып, көпшілікке таратылды.

Қалған бөлігі үйсіздерге таратылу үшін жергілікті Celije жастар бірлестігіне берілді.

«Сюрен біздің гастрономияның ұлттық символын және оның ноу-хау сақтайтын қолөнершілерді дәріптейтін әлемдегі ең ұзын багет рекордының куәсі болғанын мақтан тұтады», — деді Сюрен мэрі Гийом Буди.

Француз наубайшылары мен кондитерлері конфедерациясының президенті Доминик Анракт «шамамен 10 сағат жұмыс қажет болғанын» жеткізді.

Оның айтуынша, «қолдан жасалған ең ұзын багет рекорды нағыз ұжымдық спорттық рухты қажет етеді, ал Олимпиада жылы барлық қолөнершілерге браво деп айту керек».

Дереккөз: Kazinform

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!