Фото: Anadolu Ajansı

KAZINFORM – Эквадордың Манаби провинциясындағы портта болған ірі өрт салдарынан 14 балықшылар қайығы мен 21 жылдам жүретін катер зақымданды, деп хабарлайды Anadolu.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, өрт Манта порты басқармасының Балықшылар айлағы аумағында шыққан. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға кезінде екі адам зардап шеккен.
Тергеушілер өрт қылмыстық топтар арасындағы қақтығыстың салдары ма, әлде ұйымдасқан қылмыстық құрылымдардың шабуылына байланысты болды ма деген нұсқаларды тексеруде.
Эквадордың Тәуекелдерді басқару жөніндегі ұлттық хатшылығының (SNGR) мәліметінше, өрт Манта порты басқармасына қарасты кемелерде болған.
– Шығын көлемін бағалау және қажеттіліктерді талдау жұмыстары жергілікті билік органдарымен бірлесіп жалғасып жатыр, – делінген ведомство хабарламасында.
Билік өкілдері оқиғаға қатысты тергеу құзырлы органдардың қатысуымен жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!