Фото: aa.com.tr

KAZINFORM – Эквадорда бес әскери қызметші мен үш бейбіт тұрғын әскери тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан мерт болды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.

Мәлім болғандай, тікұшақ су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жеткізу үшін жолға шыққан. Апат Пастаса провинциясының Тивино аймағында таңғы сағат 9:36 болған.   

«Эквадор армиясы шұғыл комиссия құрып, қарулы күштерді қайғылы жағдайға тап қылған апаттың себебін зерттеуге кірісті», – делінген хабарламада. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!