Шаньси провинциясындағы көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан қаза тапқандар саны 82 адамға жетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Xinhua-ға сілтеп.

Қытайдың орталық телеарнасының мәліметінше, тағы тоғыз адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Оқиға 22 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 19:29-да Чанчжи қаласына қарасты Циньюань уезіндегі Tongzhou Group компаниясының «Люшэньюй» шахтасында болған. Алдын ала мәліметтерде сегіз кеншінің қаза тауып, ондаған адамның жер астында қалғаны айтылған еді. Кейін құрбандар саны 50-ден асқаны белгілі болды.

Билік зардап шеккендерді құтқару және емдеу үшін барлық күш-жігерді жұмсауды тапсырды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!