Фото: Sputnik / Евгения Новоженина

Sputnik. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинамен келіссөз жүргізу мүмкіндігі туралы айта келе, жағдай өзгермегенін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

«Егер тап қазір теория жүзіндегі келіссөзді егжей-тегжейлі талқылағыңыз келсе, онда жағдай ешқандай өзгерген жоқ. Украина президенті Ресеймен қандай да бір келіссөз жүргізуге тыйым салғандықтан, ештеңе өзгермеді. Сондықтан бұл тақырыптағы кез келген сұрақ қазір орынсыз», – деді Песков журналистерге.

Ал бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин «біз Украинамен келіссөз жүргізуге дайынбыз, бірақ талқылаулар тек солардың қалауы бойынша емес, қалыптасқан шындықтар негізінде болуы керек» деп мәлімдеген болатын.

«Тағы қайталаймын, біз барлық дауды, осы қақтығысты да бейбіт жолмен шешкіміз келеді және біз бұған дайынбыз», – деді Путин.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!