Кеңес Одағының көсемі Лениннің Сергей Ульянов атты егіз ағасы бар дегенді біреу білсе біреу білмейді. Өкінішке қарай, Владимир Ильич дүниеден озысымен Сталин Лениннің ағасы жайында кеңес халқының жадынан өшіру үшін қолдан келгенін аянып қалмады. Көзі ашық, көреген, ел басқаруға шамасы келгенімен Сергей сол кездегі Кеңестік идеологиямен келіспеді. Ол өзін исламнан тапты – деп жазады BAQ.kz тілшісі ihsan.kz-ке сілтеме жасап.

Өмірінің соңына дейін ол «исламдандыру» қағидасын ұстанып өтеді. «Ислам – революцияның соңғы үміті» деген мақалада мұны анық байқауға болады. Ақиқат дінді тереңірек білу үшін ол Меккеде екі жыл тұрады. Өкінішке қарай оның исламды зерттеуі не өз елінде, не өзге елде бұйырмай, аяқсыз қалды. 50-ші жылдары Фидель Кастроның жеке шақыруымен Кубаға барып, өмірінің соңына дейін сол жерде болды. Сергей Ульяновтың ислами өміріне мына суреттер куә.

Baq.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!