Фото: Лионель Месси

Танымал футболшы планетаға қамқорлық жасауды мақсат еткен қормен ынтымақтасатынын мәлімдеді. Алғашқы қадам қайта өңделген пластиктен жасалған Мессидің аяқ киімін сатудан басталмақшы, деп хабарлайды KAZINFORM ақпарат агенттігі Еuronews-ке сілтеме жасап.

Лионель Месси амбассадоры болған қордың мақсаты — климаттың өзгеруімен күресу және планетаға қамқорлық жасау.

«Алтын доптың» сегіз дүркін иегерімен ынтымақтастық аясындағы бірінші бастама — қайта өңделген пластиктен жасалған атақты коллекциялық футбол аяқ киімдерінің көшірмелерін сату. Жақында олар аргентиналық Karün брендімен бірлесіп әзірлеген өз моделін ұсынды.

Жоспарға сәйкес, спорттық аяқ киім өндіруге арналған материал бүкіл әлем бойынша су қоймаларының жағалауларынан жиналған мыңдаған тонна пластик қалдықтарынан болады.

Жоба Мессидің Аргентинадағы туған қаласы Росариодағы өзенді тазалаудан басталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!