Фото: freepik
Малайзияның Лумут қаласында елдің Корольдік теңіз күштерінің 90 жылдығына орай әуе шеруі алдындағы жаттығу кезінде екі тікұшақ құлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy TASS агенттігіне сілтеме жасап.
Малайзияның өрт сөндіру және құтқару қызметі хабарлағандай, екі тікұшақта болған 10 экипаж мүшесі қаза тапты
Жергілікті БАҚ жариялаған кадрлардан тікұшақтардың ұшып жүргенін көруге болады. Сол сәтте олардың бірі екіншісінің бұрандасына ілініп қалады, артынша екі тікұшақ та жерге құлайды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, тікұшақтардың бірі спорт стадионының баспалдағына, ал екіншісі стадион жанындағы бассейнге құлаған. Олардың бірінде үш, екіншісінде жеті экипаж мүшесі болған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!