Фото: bbc.com

Ресей Федерациясы үкіметі елдегі қант экспортына уақытша тыйым салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алайда қант жеткізу Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне шектеулі көлемде рұқсат етіледі.

Белгілі болғандай, Ресейде құрақ қанты немесе қызылша қанты мен химиялық таза сахарозаны сыртқа шығаруға уақытша тыйым салынады.

Шектеу 2024 жылғы 31 тамызға дейін қойылды. Шешім ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын қолдауға бағытталған, – делінген хабарламада.

Осы орайда қантты жеткізу көлемі:

  • Арменияға – 28 мың тонна;
  • Белорусияға – 5 мың тонна;
  • Қазақстанға – 120 мың тонна;
  • Қырғызстанға – 28,5 мың тонна деп белгіленген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!