Таиланд премьер-министрі Прают Чан-Оча баспасөз мәслихаты кезінде журналистерге антисептик шашып жіберді.⠀Шенеунікке тілшілер «министрлер кабинетінде кадрлық ауыс-түйіс бола ма?» деген сауал қойған.⠀Таиландта өткен аптада үш бірдей министр түрмеге қамалған. Оларға жеті жыл бұрын болған наразылық акцияларына қатысты деген айып тағылды. Журналистер осыған байланысты босаған орындарға келетін потенциалды кандидаттар тізімін білгісі келді. ⠀Сұраққа жауап берудің орнына премьер мінберден түсіп, журналистерге антисептик шашты. Кейін оның тілшілермен сөйлесіп тұрған видеосы тарады. Министрлер кабинетінің басшысы ызалы көрінеді. Бұған не дейсіз?

Sputnik.kz