АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы (ФТБ)Иран пайдасына тыңшылық жасады деп күдікке ілінген Әуе күштерінің барлау бөлімінің бұрынғы қызметкерін ұстауға көмектесетін ақпарат үшін 200 мың доллар көлемінде сыйақы жариялады. Бұл туралы CNN жпзды, деп хабарлайды “Адырна”.
14 мамыр күні ФТБ 2019 жылы Иранның мүддесі үшін тыңшылық жасады деп айыпталған АҚШ Әуе күштерінің бұрынғы барлау маманы Моника Уитті іздеуге және ұстауға көмектесетін ақпарат үшін 200 мың доллар сыйақы берілетінін мәлімдеді. фТБ оның әлі де Иранға көмектесуі мүмкін деп болжайды.
Уитт АҚШ Әуе күштерінің Арнайы тергеулер кеңсесінде қарсы барлау саласында жұмыс істеген. 2003–2008 жылдары ол Таяу Шығыста қызметтік тапсырмалар орындаған. Тергеушілердің болжамынша, дәл сол кезде ол Иран тарапынан тыңшылыққа алынған. Кейін ол Иранға құнды ақпарат беріп, соның салдарынан америкалық барлаушылардың бірінің қауіпсіздігіне қатер төндірген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
