Фото: iz.ru

Halyq Uni. Қытайдың Бейжің қаласының уақытымен сағат 02:26-да Тайвань аралындағы Хуалянь уезінің жағалауында магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады Қытайдың сейсмологиялық желі орталығы.

Орталықтың мәліметіне қарағанда, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендік 23,70 градус және шығыс бойлық 121,68 градус координаталы нүктеде орналасқан. Гипоцентрі 10 км тереңдікте жатқан.

Қазір Хуалянь қаласында 350 000 халық тұрып жатыр.

Бұған дейін Тайваньның шығыс жағалауында 7,2 балдық жер сілкінісі болып, одан кем дегенде тоғыз адам қаза тапқан еді. Ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетіп, жүздеген адам түрлі дәрежеде жарақат алған болатын.

Тайваньның шығысындағы Хуалянь қаласында бірнеше ғимарат қирады. 20 миллионнан астам адам тұратын аралдағы теміржол қатынасы тоқтатылды. Жер сілкінісі салдарынан су тасып, жолдар мен тоннельдер опырылды.

Тайвань билігінің мәліметіне қарағанда, осы екі жер сілкінісі соңғы ширек ғасырдағы ең жойқын апат болды. Ал 2016 жылы болған табиғи апаттан 93 адам көз жұмды.

Қазір Қытайдың сейсмологиялық желі орталығы метеорологиялық бюро цунами қаупі туралы ескерту жасап жатыр. Көп жерлерде электр қуаты мен газ тоқтатылды. Жер сілкінісі Шанхайда, сондай-ақ Қытайдың оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан бірнеше провинциясында сезілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!