Sputnik. Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига бір күндік әскери іс-қимылдарға шамамен 450 миллион доллар кететінін мәлімдеді.

«Соғыстың бір күніне шамамен 450 миллион доллар жұмсалады. Бұл біз үшін үлкен сын-қатер», — деді Сибига халықаралық қауіпсіздік жөніндегі PISM Strategic Ark Conference конференциясында.

Министрдің пікірінше, биыл бейбітшілікке қол жеткізу үшін шешуші жыл болуы мүмкін. Алайда ол үшін АҚШ тарапынан қолдау қажет.

Сәуір айының соңында Еуропалық одақ Украинаға 90 миллиард еуро көлеміндегі кредитті мақұлдады. Еуропалық комиссия мәліметінше, алғашқы 9 миллиард еуро шілде айының соңына дейін аударылады. Оның шамамен 6 миллиарды қару-жараққа, ал 3 миллиарды Украина бюджетін қолдауға бөлінеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!