Фото: BAQ.KZ – архив
Жапонияда спирттік ішімдік ішіп көлік жүргізгендерге ғана емес, оны біле тұра, үнсіз қалғандарға да қатаң жаза қолданылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Соның нәтижесінде осындай жүргізушілердің кінәсінен болатын жол апаттары азайған. Ал Сингапурде мас күйінде көлік басқарғандар 20 мың доллар айыппұл арқалауы мүмкін. Ал Финлияндияда жол ережесін бұзғандарға қарастырылған айыппұл мөлшері адамның дәулетіне қарай белгіленеді.
Финляндияда айыппұл мөлшері жүргізушінің дәулетіне байланысты Финляндияда жол ережесін бұзғандар үшін айыппұл мөлшері оқиғаның ауырлығына ғана емес, рөлде отырған адамның табысына қарай белгіленеді. Тиісінше ауқатты адамдар ереже бұзса, мемлекеттік қазынаға өзге жүргізушілерден көп ақша төлейді.
Мысалы, 2004 жылы елдегі ірі кәсіпкердің ұлы көлікпен Хельсинки орталығында сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүріп өтіп, межені екі есе асырғаны үшін 170 мың еуро айыппұл арқалаған. Жапонияда жолаушы да жазаға тартылады Ал Жапонияда мас күйінде рөлге отырғандар үшін жаза қатаң.
Ереже бұзғандарға ірі көлемдегі айыппұл қарастырылған. Бұдан бөлек, оқудан не жұмыстан шығып кетуі де ғажап емес. 6 айдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бір айта кетерлігі, мұнда мас жүргізушіні тоқтатпай, жанында отырған жолаушыдар да жазаға тартылады. Ал рөлге отыратынын білсе, бармендерге жүргізушіге ішімдік сатуға тыйым салынады.
Тиісті талапты елемегендер лицензиясынын айырылуы мүмкін. Осындай қатаң шаралардың нәтижесінде күншығыс елінде жол-көлік апатына байланысты кісі өлімі бірнеше жыл қатарынан азайып келеді. 2022 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 2,08 қайғылы оқиғадан келген. Бұл – әлемдегі ең төмен көрсеткіштің бірі.
Сингапурде мас жүргізушіге ірі айыппұл салынады Сингапур мас күйінде көлік тізгіндегендер үшін ірі көлемдегі жаза қарастырылған елдердің қатарына жатады.
Мұнда алғаш рет ереже бұзған жүргізуші 10 мың долларға дейін арқалап, бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Бұл екі жаза қатар қолданылатын кездер де болады. Бұдан бөлек, кемі екі жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады. Рөлге мас күйінде екінші рет отырса, онда жүргізуші міндетті түрде түрмеге қамалады. Ал айыппұл мөлшері 20 мың долларға дейін жетуі мүмкін.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!