Журналистерге арнау

Ақпараттардың мініп ап алтын кемесін,
Қаламыңды алып ішіне елдің енесің.
Журналист ағай, тіршілігінен жұртымның
Үздіксіз міне, құлақтандырып келесің.

Бұрқ еткен көрсең соңынан бірге ересің,
Төнсе де қауіп ақпарат айтып бересің.
Жоқтарын жоқтап, қайғырса бірге қамығып,
Қуанса күліп, солармен бірге келесің.

Абыройы асқақ, бұл күнге жетпей, жеткен бар,
Қабылдап жылы жүрекке алып еткен зар.
Әділдік туын қолына алып ұран ғып,
Жүргенде өзі құрбан боп тағы кеткен бар.

Қанықсың әркез сырына дархан даланың,
Аралап шықтың шатқалын сай мен саланың.
Шабытыңменен шыңдала берші, тілші ағай,
Маржан сөз тізер ұштала берсін қаламың.

Мектебім

Тарыдай болып келгенмін саған тамсанып,
Ұстазым тұрды күлімдеп алдан қарсы алып,
Мектебім, сенен сусындап білім нәрімен,
Тәрбие менен алғаным тәлім қаншалық.

Түзу жол таңдап, бағыма үлес қосқаның,
Құшағын қайтем өзің тұрғанда басқаның.
Санама олжа салғаным асыл ілімді,
Тапқаным олжа сендерді алтын достарым.

Үлгі алып сенен, жаманға мойын бұрмадым,
Ұмытылмас күндер, сендегі сауық құрғаным.
Қоштасар шақта өзіңмен менің құтты ұям,
Қимастық сезім бойымды билеп тұрғаны.

Алтын ұям, сағынып сені жүремін,
Баурыңда мәңгі қала алмасымды білемін.
Өзектен теппей, бағалай алар құныңды,
Шәкірттерің алтындай болсын тілерім!

Мереке Қуаныш
С.Лапин атындағы № 261 орта мектебінің 9 «Д» сынып оқушысы
Жетекшісі: Жауқазын
Үмбетова

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!