Қарағанды облысында мектеп қазандықтарының қауіпсіздігі тексеріліп жатыр. Бүгінгі таңда өңірде 302 білім мекемесі дербес жылыту жүйесі мен қазандықтан жылытылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мектеп жанындағы қазандықтардың көпшілігі 90-шы жылдары салынған.

Сол кездері мұндай жылыту жүйесі ғимараттардың мұздап қалмауын қамтамасыз етудің және балалардың жылы сыныптарда білім алуына мүмкіндік берудің жалғыз жолы болды.

2009 жылы өрт қауіпсіздігі бойынша жаңа техникалық регламент қабылданды. Қазандықтар оқу орнынан 50 метр қашықтықта салына бастады.

5 жыл ішінде 73 қазандық жертөле мен ғимараттан шығарылды.

Қазіргі уақытта 147 мектепте қазандықтар санитарлық нормалар мен ережелерді бұза отырып орналасқан. Алдағы үш жылда 74 мектепте жағдайды түзету жоспарланған.

Жаңа оқу орындарын салу кезінде заманауи және қауіпсіз қазандықтар қарастырылған.

«Барлық жаңа және ескі қазандықтарды қауіпсіздік, жарақтандыру деңгейіне және ықтимал тәуекелдердің бар-жоғын тексеру туралы шешім қабылданды. Комиссияға облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімдері, ТЖД және энергетика және ТКШ басқармасының өкілдері кіреді. Біздің міндетіміз – нормативтерге сәйкес келмейтін қазандықтарды анықтау және шаралар қабылдау», – деп жазды білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова Facebook парақшасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!