Жетісайда 15 жасар қызға үйлену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды Түркістан облысында кәмелет жасына толмаған қызға үйленген ер адамға іс қозғалды, деп хабарлайды Taulik.kz polisia.kz-ге сілтеме жасап.

Шымкент тұрғынының кәмелетке толмаған қызын үйлену мақсатында алып қашқанын айтып Жетісай ауданының полициясына арызданды.

Осыған байланысты ҚР ҚК 122-бабымен (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Анықталғандай, қыз танысына тұрмысқа шыққан. Алайда анасы келіспей, қызды жас жігіттің үйінен Шымкентке алып кеткен. Сараптама тағайындалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Іс Түркістан облысы ПД бақылауында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!