Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа жолдауында жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасып, оларға арналған жеңілдетілген шағын несие беріледі деп атап өткен болатын. Тапсырмаға сәйкес ағымдағы жылдың наурыз айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастарға арналған 2,5%-дық несиеге өтініштерді қабылдауды бастады. Микрокредит жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу, бизнесті бастау, оны кеңейту үшін беріледі.


Аймағымыздағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4% құрайтындығын ескере отырып аталған жоба аясында жаңа жұмыс орындарының ашылуы арқылы қысқартылатын болады.
Жаңадан кәсіп ашамын, тың идеяларды жүзеге асырамын деген жастар үшін таптырмас мүмкінідік алдағы 5 жыл көлемінде 1300 жасқа небәрі 2,5% жеңілдетілген несие беру жоспарланған.
Шағын несие алуға ынталымын десеңіз, керекті құжаттар тізімін дайындап, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жергілікті филиалдарының біріне тапсыра аласыз. Содан кейін «Аграрлық несие корпорациясы» құжаттарды өтініш тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тексереді.
Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Жас кәсіпкерлер мал шаруашылығы жобалары үшін өтеу мерзімі – 7 жылға дейін, бизнестің басқа бағыттары үшін – 5 жылға дейін, жылдық 2,5% номиналды сыйақы мөлшерлемесімен 5 миллион теңгеге дейін несие ала алады.


Несие кепіл мүлікпен қамтылуы міндетті. Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.


Бағдарламаның толық шарттарымен ақпараттырмен Agrocredit.kz сайтынан білуге болады. Сондай-ақ, «Жастар Рухы» Жастар қанатының әлеуметтік желілерінде қосымша мәліметтер жарияланып отырады.


Қазіргі таңда бағдарламаның кеңінен насихаттау және жасатар арасында кең көлемді ақпараттандыру мақсатында әлеуметтік желіллерде, БАҚ беттерінде үздіксіз ақпарат таратумен айналысудамыз. Сонымен қатар, облыстық Жастар қанатаның «Жастарға кеңес» консальтингтік жобасы аясында ақпараттандыру аясын кеңейтудеміз.

Замандастар, сіздерді уақытты жоғалтпай, берілген мүмкіндікті пайдалануға шақырамын!

Медет ЖОРАБЕК,

«AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!