Резиденцияны сату туралы хабарландыру сайтта бірінші рет шығып тұрған жоқ. 2022 жылдың жазында иелері оны сатуға тырысқан.

krisha.kz жылжымайтын мүлікті сату туралы хабарландырулар сайтында 3,5 миллиард теңгеге ауданы 1,6 мың шаршы метр резиденцияның қызықты нысаны қайта пайда болды.

Жарнаманы сыбайлас жемқорлықты тергеу бюросының Telegram-арнасының авторлары байқаған.

Сипаттамада резиденцияның Италиядан келген құрылысшылар мен дизайнерлердің қатысуымен тек өзі үшін салынғаны айтылған. Аумақта олимпиадалық жүзу бассейні мен соңғы технологияларды пайдаланатын автономды станса бар. Иелері сатып алушыларға өте қымбат пианино қалдыруды шешті. Үйдің дизайны неоклассикалық стильде ұсынылған. Жобалық ғимараттың жанында шале стиліндегі қонақ үйі де бар екені көрсетілген. Сонымен қатар, әлеуетті клиенттерге бау-бақшасы, орман екпелері және Нұра өзенінде пирстері бар бір гектар жер телімін ұсынады.

Сондай-ақ, бұл алаңда шале үлгісіндегі 7 бөлмелі, ауданы 1500 шаршы метр, құны 3,9 миллиард теңге тұратын қонақ үй сатылымға шығарылған.

«Ол резиденцияны сату туралы хабарландырудың сипаттамасында көрсетілгеніне қарамастан, резиденцияның бағасына қосылмаған сияқты» деп болжам жасады басылым авторы.

Айта кетсек, сол резиденцияны сату туралы хабарландыру сайтта бірінші рет шығып тұрған жоқ. 2022 жылдың жазында иелері оны сатуға тырысқан.

orda.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!