Жамбыл облысында дәрігерлер жаңа туған сәбиді 1,5 миллион теңгеге сатуға тырысқан еді. Мәліметтер бойынша анасы басынан бастап нәретсені дүниеге әкелуге қарсы болып, 7 айында түсік жасатқысы келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Orda.kz порталына сілтеме жасап. 

Әйел жүктіліктің 7 айында түсік жасатқысы келген, бірақ дәрігерлер оны босануға көндірген. Кейін нәресте дүниеге келгенде анасы бірден тамақтандырудан бас тартып, Тараз көпсалалы ауруханасының қызметкерлеріне баланы алып кетуді талап еткен.

Деректерге сай прокуратура мен полицейлер сәбидің сатылатынынана оған жаңа құжаттар рәсімдеу барысынан-ақ күдіктенген. Сатып алушы баланы заңды түрде өз тегіне тіркеуге тырысқан. Бұл ретте төлемнің жалпы сомасының бір миллионы биологиялық анаға берілуі тиіс болса, 500 мыңы құжат рәсімдеуге жұмсалады деп жоспарланған. Ал акушерлерге қандай пайда келісілгені белгісіз.

Расталмаған мәліметтерге сай нәрестені сатып алған адам он жыл бойы балалы болуға тырысқан. Енді оған да акушеркалар сияқты жаза күтіп тұр. Қазір дәрігерлер тергеу изоляторында болса, сәбидің биологиялық анасы үйқамақта. Ал бір айлық қыз Тараздағы сәбилер үйінде.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында жаңа туған қызды акушер мамандар 39 жастағы Тараз тұрғынына 1,5 миллион теңгеге сатып жібергені туралы ақпарат таратқан болатынбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!