Американың Даллас қаласының тұрғыны Хосе Мигель Поланко Лионель Мессидің биылғы чемпионаттағы жеңісін бірнеше жыл бұрын болжаған. Оның Тwitter парақшасына 2015 жылы салған посты желілерде таралап, көпшілікті таңдандыруда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Болжаушы тек Мессидің жасынан қателескен. Әлем чемпионатында жеңіске жеткен кезде Аргентина құрамасының капитаны 35 жасқа толды. Қалған болжам дәлме-дәл келіп тұр. 

Бұл пост Тwitter-де 270 000-нан астам лайк пен мыңдаған пікір жинады. Кейбір пайдаланушылар автордың көрікпелдік қасиетіне тәнті болса, кейбірі оның бұл әрекеті  жалған деп сенімсіздік танытқан. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!