Әкімдіктер халықты сумен қамту деректерін Интерактивті картаға уақытылы енгізуі қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз ауыл тұрғындарының сумен қамтамасыз етілу барысына мониторинг жасау үшін Интерактивті карта әзірледік. Аталған карта ғаламторда қолжетімді және онда сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету, қаржыландыру көлемі, халық саны, тозу деңгейі және басқа да өзекті ақпарат көрсетілген», – деді министр.

Оның атап өтуінше, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда, жергілікті атқарушы органдар Интерактивті картаға деректердің сапалы әрі уақытылы енгізілуін қамтамасыз етуі қажет.

«Халықпен кері байланыс орнату мақсатында азаматтардың барлық өтінішін қабылдау мен өңдеуге арналған Е-өтініш бірыңғай платформасы арқылы картаға қосымша функцияларды қосу бойынша іс-шаралар қабылданды», – деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!