Қармақшы ауданына жұмыс сапарын қорытындылаған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аудан активімен кездесіп, ортақ мәселелерді талқылады. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер қатысты.

Аймақ басшысы қасиетті Қармақшы жерінің терең тарихы мен құнды мәдени мұрасын атап өтіп, ауданның негізгі даму бағыттары мен алдағы міндеттерді айқындап берді.

«Экономика салаларына инвестициялар тарту, салық базасын ұлғайту, саяси тұрақтылықты сақтау, жаңа жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша нақты жұмыстар жүргізу қажет. Ауданда маңызды мәселелердің бірі – елдің ауызбіршілігін сақтау. Одан бөлек, Қармақшыда қазіргі уақытта жастар арасында құқық бұзушылық фактілері азаймауда. Осы бағытта пәрменді шараларды қабылдау керек»,- деді облыс әкімі.

Жиында аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов аудан үшін өзекті мәселелерді баяндап, алдағы жоспарларын тізбектеді.

Аймақ басшысы негізгі экономикалық көрсеткіштерді бақылауда ұстап, өңірдегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді, инвестиция тарту бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.

Басқосуда облыстық мәслихат депутаты Шәкізада Әбдікәрімов, ардагер Асқар Мереков, қоғам белсендісі Қуаныш Туреев пікірлерін ортаға салып, елді ынтымақ пен бірлікке шақырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!