//taulik.kz/

Алматыда «олигархтардың балалары» арасындағы төбелес тергеліп жатыр, – деп хабарлайды Taulik.kz  ҚР ІІМ телеграм-каналына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы караоке-барлардың бірінде болған төбелес талқыланған видео пайда болды. Қолданушылардың айтуынша, төбелеске себепші болғандар Қазақстандағы танымал бизнесмендердің ұлдары мен олардың оққағарлары.

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылар анықталып, жауап алынды. Аталмыш факті бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», – деді полиция өкілдері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!