«Арбамен марафон» атты облыстық спорт жарысы өтті. Мақсаты – мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуден бөлек оларды түрлі шараларға қатыстырып, қоғамдық ортаға бейімдеу, белсенділіктерін арттыру, спорттық, мәдени, қоғамдық іс-шараларға қатыстыру.

Марафон – ең ауыр спорт түрі, тіпті дені сау адамдар да марафон қашықтығына төтеп бере бермейді. Ал, дөңгелектерді қолдарымен айналдыра алатын тек мықтылар ғана. Ең бастысы, өзіңді жеңу арқылы ғана мүгедектіктің жоқ екенің дәлелдеу.

Бүгінгі марафон Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ ұйымдастырумен өтті. 

Марафонға облыс бойынша  30-дан аса арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдар қатысты.

Марафон қашықтығы  – 100 метр. Қатысушылар 4 категория бойынша жарысты:

1. Балалар 5-12 жас

2.Жасөспірім 13-18 жас

3.Ерлер 18 жастан жоғары

4. Әйелдер 18 жастан жоғары 

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ал қалған қатысушыларға алғыс хат пен ынталаңдыру сыйлықтары табысталды.

Марафонға қатысушы Жайшылық Балнұр «Мен мұндай жарысқа екінші рет қатысып отырмын және жүлделі орынға ие болғаныма өте қуаныштымын. Өткен жылы мен жеңе алмадым, бірақ мен бұған ренжіген жоқпын. Керісінше, бұл жарыс маған алға мақсат қою, табандылық сияқты жеке қасиеттерді дамытуға көмектесті. Ұйымдастырушыларға, атап айтқанда Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Сиюов Сағатбек Қуанышбекұлына мені назардан тыс қалдырмай шақырғаны үшін ерекше рахметімді айтамын. Және де алдағы уақытта да осындай жарыстар болғанын қалаймын», – деп өз лебізін білдірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!