aikyn.kz

Мәжіліс депутаты, бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елімізде ересектерге арналған қазақ тілі курстарын көбейту қажет екенін алға тартты. Депутаттың айтуынша, осы кезеңге дейін қызметте жүргенде айналадағы әріптестері өзінен қазақ тілін жақсы оқытатын тәжірибелі маман ұсынуын сұрап келгенін айтты.

Экс-министр қазақ тілін үйрену,  әсіресе басшылықта жүргендер үшін үлкен маңызға ие болғанын жеткізді. 

«Мемлекеттік тілді түсініп, үйреніп жүргендер, сөйлеуге тырысатын басшылар саны күннен-күнге артуда. Мен облыста басқарма басшысы болып жұмыс істеп жүрген кезімде көптеген әріптестерім менен көмек сұрайтын. Министр болып жұмыс істеген кезімде де көптеген шенді қазақ тілін үйрететін жақсы мұғалім ұсынуымды өтінген кездері болды», – деді Аймағамбетов. 

“Қазір мемлекеттік қызметкерлер қазақша оқуды үрдіске айналдырып, басқарушылық тиімділігін сезінгені дұрыс», – деп түсіндірді депутат.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!