«Астана Балет» театры шығармашыл жастар арасында I республикалық «Ашық сахна» байқауы басталғанын  хабарлады.

Байқау өнер саласындағы 18 бен 45 жас аралығындағы дарындарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылуда. Байқау өтетін мерзім: 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап, 2023 жылдың мамыр айына дейін жалғасады. Жүлде қоры – 4000 000 теңге.

«Ашық сахна» республикалық байқауы бес іріктеу кезеңнен тұрады. «Хореография», «Либретто», «Музыка», «Сценография» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталады. Бірінші кезең онлайн форматта өтеді. Әр аталым бойынша жеңімпазға 1000 000 теңге көлемінде қаржылай жүлдемен қатар, «Астана Балет» театрының репертуарына қосылатын толыққанды хореографиялық туынды шығаруға мүмкіндік беріледі. Байқауға қатысу туралы өтінішті 2022 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында ashyq_sakhna@astanaballet.kz  электронды поштасына жолдау керек. «Астана Балет» театрының сайтында әр аталым бойынша байқаудың регламенті және шарттарымен танысуға болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!