Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы іске қосылғалы бір апта өтті. Бүгінге дейін банктерге 14 мыңнан аса өтініш түскен, оның 4800-ден астамы мақұлданған.

Қазақстандықтарға 35,7 миллиард теңге қарыз берілген. Қазірдің өзінде 34 көлік иесін тапқан. Жалпы, несие алушылар 5 әйгілі брендтің 32 модельді темір тұлпарын тізгіндей алады. Тиімді несиелеу аясында отандық автосалондарда 8 мың көлік бар. Маусымда оның саны екі есе артады. Жалпы, жаңа автонесиелеу бағдарламасы 30 жыл бойы жүзеге асады. 

Берілетін көліктер халықаралық талаптарға сай. Өйткені шығару алдында бірнеше тексеруден өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!