Азық-түлік бағасының күрт қымбаттауына байланысты Алматыдағы балабақшалардың да ақысы өскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы Білім басқармасының мәліметінше, биыл ай сайынғы төлем 4500 теңгеге өскен.

Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес, Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 2022 жылы 22,1% – ға өсті.

«Азық-түлік бағасының өсуіне байланысты 2022 жылы тамақтану үшін ата-ананың төлемақысының мөлшері 20 500 теңгені құрады. 2023 жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтанғаны үшін ата-ана төлемнің мөлшері күніне 1 балаға тамақтану нормаларын, жұмыс күндерінің санын, Алматы қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросының ресми деректеріне сәйкес, өнімдердің орташа құнын ескере отырып есептелген және айына 25 000 теңгені құрады», – деп хабарлады Алматы қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Бүгінде Алматы балабақшаларына 78 мыңнан астам бала барады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!