Дәрі-дәрмекке қарастырылған қаражатты жүйелі түрде банктегі есепшоты арқылы аударып алып отырған.Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасының есепшісі мемлекеттің 116 млн теңгесін құмар ойынға салып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Тергеуді жүргізген Жетісу облыстық экономикалық тергеу департаменті есепшінің бюджет қаражатын бір жылдан аса уақыт көлемінде құмар ойынға жұмсап келгенін мәлімдеді. Ол ақшаны өзінің банктік картасына аударып, арықарай букмекерлік жеке кабинетіндегі шотына салып отырған. Қазір 1995 жылғы ер адам қамауда отыр. 28 жастағы айыпталушы кінәсін толықтай мойындады.«Балалар ауруханасының айлық жалақы жөніндегі есепшісі 2021 жылдың наурызынан 2022 жылдың тамызына дейін аурухана қызметкерлерінің жалақысына, зейнетақы жарналарына және дәрі-дәрмекке қарастырылған қаражатты жүйелі түрде банктегі есепшоты арқылы аударып алып отырғаны анықталды. Жалпы, бір жылдан аса уақыт көлемінде аударған сомасы – 116 млн теңге. Іс бойынша оның жасаған әрекеті ауыр қылмысқа жатады. 7-12 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – дедіЖетісу облыстық экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Аслан Бидасов.

#бюджет #Талдықорған #құм

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!