Өскемен қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ШҚО бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ақсана Каленова мәлім етті.

«Өскемендегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балаларға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасалғаны туралы ақпарат алдым. Бірден тиісті жұмыстар қолға алынды. Қазіргі басты мақсат – зорлықтың болғанын немесе болмағанын нақты анықтау. Балаларға қысым көрсетілуіне жол бермес үшін қала әкімдігінің көмегімен оларды «Үлбі» әлеуметтік орталығына жеткіздік», – дейді ол.

Ақсана Каленованың сөзінше, осыған байланысты арнайы жұмыс тобы құрылып, оның құрамына білім, денсаулық сақтау салаларының, құқық қорғау органының өкілдері және қоғам белсенділері кірді.

Облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышеваның айтуынша, айыпталушының балалармен жұмыс істегеніне 10 жыл болған.

«Оның балалар үйінде жұмыс істегеніне 10 жылдам астам уақыт болған айтарлықтай елеулі тәжірибесі бар. Тек балаларды бейімдеу орталығында 2014 жылдан бері істейді, бұзушылықтар байқалмады, шағымдар түскен жоқ. Егер кінәсі дәлелденсе онда заңның барлық қатаңдығына сәйкес азамат жазалануы керек», – дейді ол.

Балалармен жұмыс істеуде тәжірибесі бар кәсіби психологтар да тартылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!