Банктерде депозиті бар азаматтар заңмен қарастырылған мүмкіндікті пайдаланбай отыр екен, деп хабарлайды Экспресс К. 

Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қорының мәліметінше, банктерге теңгемен ақша салған тұрғындарға жыл қорытындысы бойынша өтемақы төленуі тиіс. Алайда, кейбір депозит иелері әлі күнге дейін оны алуға өтініш бермеген. Көпшілік бұл шаруаны жыл соңына дейін тындырмаса өтемақыдан айырылады.

Қазір біз төлемдерге өтініш беру белсенділігі төмендігін көріп отырмыз. 2022 жылдың 11 қарашасындағы жағдай бойынша, 1,8 млн адам өтініш берген, бұл депозит ашқандардың жалпы санының 35 пайызына да жетпейді,

— дейді қор төрағасы Әділ Өтембаев.

Биыл 23 ақпанына дейін теңгемен депозит ашқан қазақстандық банктердің салымшылары мемлекеттен 10 % көлемінде өтемақы алуға құқылы. Ол үшін депозит ашылған банкке өтініш беріп, сол арқылы төлемді алуға келісімді растау қажет. Бұл 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалуы керек. Сондай-ақ депозитті 2023 жылдың 24 ақпанына дейін сақтау маңызды. Сонымен қоса, өтемақы жыл ішінде депозитте болатын ең төменгі сома үшін есептеледі екен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!