Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының әлеуметтік жобасы негізінде «Birgemiz: Saulyq» жалпыұлттық жобасының жеңімпаздары анықталды.

«Birgemiz: Saulyq» жалпыұлттық жобасын іске асыру шеңберінде шағын гранттар байқауына 179 өтінім қабылданды. Оның ішінде 7 жоба шағын гранттар байқауының ережесіне сәйкес келмеуіне байланысты бастапқы іріктеуден өтпеді. Комиссия құрамының шешіміне сәйкес 30 жоба жеңімпаздар қатарынан көрінді. Қызылорда қаласы бойынша волонтер Нұрасыл Бекматов ұсынған «Ауырмайтын жол ізде» жобасы жеңімпаз атанды.

Жобаның мақсаты денсаулық сақтау саласындағы волонтерлік бастамаларды іске асыру жолымен медициналық, әлеуметтік, заңгерлік және өзге де көмек көрсету. Әр түрлі ұйымдар, бизнес құрылымдар тарапынан кейіннен қаржыландыру жолымен жобалардың нәтижелерін одан әрі ілгерілету. Медициналық волонтерлік институтын дамыту. Денсаулық сақтау саласындағы қызметтің одан әрі тиімділігі үшін жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар және волонтерлік бастамашыл топтар арасындағы байланысты нығайту.

Жоба шеңберінде түрлі акциялар, әлеуметтік-медициналық көмек көрсету, психологиялық және заңгерлік кеңес беру шаралары өткізіледі.

«Birgemiz: Saulyq» жалпыұлттық жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның гранттық жобасы аясында ұйымдастырылуда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!