Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, Президенттің тапсырмасымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған Көші-қон саясаты тұжырымдамасының жобасы әзірленді.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру арқылы 2026 жылға дейін солтүстікке қоныс аударған азаматтардың жұмыспен қамту деңгейін 87 пайызға дейін жеткізу көзделген. Инфрақұрылымдық жобаларды еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін оңтүстіктен 35 мың адамды тарту жоспарланған. Еңбек күші тапшы өңірлерді қолдау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылардың квотасын бекітеді. Биыл квота 6 587 адамға беріледі», – деді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!